Өскемен
облачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +27°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +24°
  • Шымкент
    +26°
$
538.54
628.31
¥
75.5
6.7
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі Шнайдер көпірі ортасынан бөлініп кетті

Көпірдің опырылып кетуіне Үлбі өзеніндегі су деңгейінің күрт көтерілуі себеп болса керек

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі Шнайдер көпірі ортасынан бөлініп кетті
Фото:
instagram/ilove_uka

Қаладағы шағын айналма жолдың бұл бөлігі жөндеуден кейін көктемде ашылған еді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

2023 жылдың қараша айының басында қалалық әкімдік Үлбі арқылы өтетін көпір тіректерінің бірін су шайып кеткенін хабарлаған еді. Төрт айдың ішінде көпірдің белгілі бір бөлігі жөнделді. 22 наурыз күні көпір қайта ашылып, көліктер жүре бастаған.

Бүгін көпір тақтасының бірі түгелдей құлады. Құзырлы органдар оған не себеп болғанын анықтап жатыр. Қазір көпір аймағы жабылды.

Кіші айналма жолдағы Шнайдер көпірінің астын су шаю салдарынан көпірдің құлауы орын алды. Өзендегі су деңгейі қатты көтерілген. Қазір жергілікті масштабтағы төтенше жағдай режімі енгізілді. Бұл көпірді тез арада қалпына келтіреміз, - деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов.

Естеріңізге сала кетейік, қалада Спорт сарайы жағынан жаңа жағалау салынды, көпір маңындағы айналма жолдар ашық.

Следующая →