Риддерде 600 орындық заманауи мектеп ашылды
Бүгін Риддер қаласында "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында салынған жаңа №12 мектеп оқушылар үшін есігін айқара ашты

Салтанатты жиынға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мұндай мектептердің салынуы - болашаққа салынған инвестиция. Біз үшін балалардың жайлы әрі қауіпсіз жағдайда білім алуы, ал мұғалімдердің сапалы жұмыс істеуіне барлық мүмкіндіктердің болуы өте маңызды. Бұл - қаланың және өңірдің дамуына негіз, - деп атап өтті облыс әкімі.
"AN Groups" компаниясы салған жаңа мектеп қазіргі заманғы білім беру стандарттарына толық сәйкес келеді. Мұнда кең әрі жарық сыныптар, арнайы пәндік кабинеттер, акт және спорт залдары жабдықталған, сондай-ақ цифрлық оқытуға қажетті барлық техника орнатылған.
Ата-аналар мен мұғалімдер бұл оқиғаны ұзақ күтті.
Айта кетейік, биыл бұл мектепте алғаш рет 30-дан астам бала партаға отырды.