Өскемен
облачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +27°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +24°
  • Шымкент
    +26°
$
538.54
628.31
¥
75.5
6.7
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде ұлттықұландықтар үшін ерекше семинар өтті

Алғаш рет Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы аясында үш облыстың әскери қызметшілері үшін семинар ұйымдастырылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде ұлттықұландықтар үшін ерекше семинар өтті
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметін

Олар Кайл Лэмбтің "Көлеңкедегі лидерлік – арнайы мақсаттағы сарбаз" атты кітабын талқылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұған дейін барлық офицерлер мен командирлерге аталған еңбекті алдын ала оқып шығу тапсырылған. Әрқайсысы кітаптан өзінің командирлік қызметіне қажет көшбасшылық қырларын айқындап, маңызды тұстарын зерделеді.

Семинар барысында ұлттықұландықтар әр тарауды жан-жақты талқылап, пікір алмасты және ондағы ойларды қызметтік тәжірибемен байланыстырды.

Кездесудің спикері – С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың стратегиялық даму және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, басқарма төрағасының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Ирина Ровнякова.

Семинардың модераторы "Шығыс" өңірлік қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, подполковник Арман Сейітов әр қатысушыға кітапқа қатысты түрлі сұрақтар қойып, олардың білімі мен ой-пікірін саралады. Ал бастамашысы – "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Арман Жұмағалиев офицерлердің тұлғалық дамуы мен көшбасшылық қасиеттерін жетілдіру – бөлімшелердің жауынгерлік даярлығы мен бірлігінің кепілі екенін атап өтті.

Мұндай кездесулер көшбасшылықтың мән-маңызын түсінуге жол ашады және ұлттықұландықтарды командир де, тұлға ретінде де шыңдайды.

Следующая →