Өскемендегі Үлбі көпірі астындағы жолды су басты
Протозанов көшесіндегі көпір асты жолын су басып, жеңіл көліктердің өтуін қиындатқан

Фото:
instagram.com/avtoshkola_pdd_rk_lite
Әлеуметтік желі қолданушылары су басқан көпір асты жолын видеоға түсіріп, желіге жүктеген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Кейбіреулер толассыз жауыннан емес, өзен суы көтеріліп, арнасынан асып жатыр деген ойда. Дегенмен әзірге көпір асты жолы жабылған жоқ.
Коммуналдық қызметтер де суды сору жұмыстарының жүргізілетіні, жолдың жабылатыны туралы ешқандай ақпарат бермеді.