Өскеменде мамандандырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Бұл бос жұмыс орындары жәрмеңкесі бостандыққа шыққан және пробация қызметінің есебінде тұрғандарға арналған

Мақсат – азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Өскемен қаласының мансап орталығы" филиалында өткен шараға қалалық прокуратура, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ШҚО бойынша департаментінің өкілдері, ШҚО ҚАЖД Өскемен қалалық ПКБ инспекторлары қатысты.
Қаланың он шақты кәсіпорны бос жұмыс орындарын ұсынды.
Жұмыс берушілер 50-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынды: дәнекерлеушілер, монтаждаушылар, ағаш ұстасы, слесарь, маляр, операторлар, столярлар, әртүрлі жұмыстарды атқарушылар, конструктор, техник-сызушылар және т.б. Жұмыс іздеп, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне 20-дан астам адам келді, 4 адам қосымша сұхбаттасуға жұмыс берушілерден шақырту алды, - дейді "Өскемен қаласының мансап орталығы" филиалының жұмыс берушілерді қолдау секторының басшысы Макпуза Мағазбекқызы.