Енді ұшар алдында тәркіленген заттар әуежайда сақталмайды
Бұған дейін ұшар алдындағы тексеріс кезінде тәркіленген заттар әуежайда 30 күн бойы сақталатын

Қазақстан әуежайларында қол жүгін және багажды тексеруге қатысты жаңа ережелер енгізілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Үкіметтің 2025 жылғы 21 тамыздағы қаулысына сәйкес авиациялық қауіпсіздік ережелеріне өзгерістер енгізілді.
Жолаушыларға тасымалдауға жатпайтын заттарды шығарып салуға келген адамдарға беріп жіберуге кеңес береміз, әйтпесе, олар тәркіленіп, жойылады, - деп ескертті "Өскемен әуежайы" АҚ. - Бұл шаралар жолаушылардың қауіпсіздігі мақсатында қабылданды.