Өскемен
малооблачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +27°
  • Астана
    +21°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +26°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +17°
  • Қостанай
    +18°
  • Қызылорда
    +33°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +32°
$
538.54
+0.78
628.31
+0.69
¥
75.5
+0.09
6.7
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендік оқушыларға автобуста тегін жүру үшін арнайы карта қажет

Облыс орталығының мектептері ата-аналарға балаларға арналған ONAY көлік карталарын ресімдеу қажеттігін еске салды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендік оқушыларға автобуста тегін жүру үшін арнайы карта қажет
Фото:
Устинка LIVE

Еске сала кетейік, Өскемендегі қоғамдық көліктер 1 қыркүйектен бастап 18 жасқа дейінгі балалар үшін тегін, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Дегенмен ол үшін әр оқушыға арнайы ONAY картасы ашылуы керек. Картасы жоқ балалар жол ақысын төлеуге міндеттеледі.

Бұл туралы қазір қаладағы мектептердің әр сыныбы WhatsApp-тағы чаттарында ескертіп жатыр.

Картаны ашу үшін:

  • баланың туу туралы куәлігі, төлқұжаты (егер берілген болса)
  • оқу орнынан анықтама (оны мектептен немесе Каѕрі қосымшасынан алуға болады)
  • фотосурет
  • баланың ата-анасының төлқұжаты

Қоғамдық көлік балалар үшін тегін болса да автобус немесе трамвайда картаны валидаторға тигізу керек. Ал картасы жоқтар Шәкәрім даңғылы, 171 немесе Жібек жолы, 3 мекенжайына жүгінуі керек. Жаңа карта 800 теңге, ал қайта шығару құны 1800 теңге, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Өскемен қаласының әкімдігінде өткен кеңес барысында шаһар басшысы Алматы Ақышов жолаушылар тасымалын басқару орталығының басшылығына балаларды қоғамдық көліктен түсіріп тастау жағдайларын болдырмау үшін тасымалдаушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұрады. Ол алғашқы кезеңде оқушылардың барлығы бірден карта алып үлгермеуі мүмкін екенін ексертті.

Следующая →