Өскемен
ясно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +2°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +9°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    +2°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +12°
  • Павлодар
    -5°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +18°
$
537.84
-1.72
626.85
-0.50
¥
75.48
-0.23
6.79
-0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да еліміздің әр өңірінен жүздеген адам жиналған Азаматтық форум өтті

ҚР Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысында "Өңір дауысы – қоғамдық кеңестерөзгерістер драйвер" атты өңірлік Азаматтық форум өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да еліміздің әр өңірінен жүздеген адам жиналған Азаматтық форум өтті
Фото:
ШҚО ІСБ ұсынды

Бұл мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы ашық диалог алаңы, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімдігі ақпаратына сүйеніп.

Форумның негізгі бағыттары – қоғамдық кеңестерді дамыту, қоғамдық бақылауды күшейту, азаматтарды шешім қабылдау процесіне тарту және азаматтық сектордың институционалдық тұрғыдан нығаюы.

Форумға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары Бибігүл Жексенбай, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Гүлбара Сұлтанова, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың, кәсіподақтардың, жастар ұйымдарының және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Форумның таңғы сессиялары айрықша рухани ортада – Сол жағалау мұражай-қорығындағы этноауылда ұйымдастырылды. Онда ұлттық киіз үйлерде ҮЕҰ туралы заңнаманы дамыту, инклюзия, экология, жастар белсенділігі мен ауылдық аумақтардың тұрақты дамуы секілді тақырыптар талқыланды.

Азаматтық форум

Ал Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да өткен пленарлық отырысқа ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев қатысып, өңірдегі азаматтық сектордың айтарлықтай жетілгенін және мемлекетпен сындарлы ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.

Спикерлер кері байланыс тетіктерін жетілдірудің, ашықтық пен есептілікті арттырудың, сондай-ақ ҮЕҰ мен қоғамдық кеңестерге ресурстық және гранттық қолдауды күшейтудің маңыздылығын жеткізді.

Жиын соңында азаматтық сектордың белсенді өкілдері марапатталды.

Следующая →