ШҚО-да биыл мың шақырымға жуық жол жөнделеді
Қазір Риддер - Өскемен тас жолының құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Жалпы ұзындығы 105 шақырым бұл жолдың қазіргі кезде 85 шақырымы жөнделді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Қазақстан ұлттық арнасы ақпаратына сүйеніп.
Жол бойында 62 техника 100-ден аса адам екі ауысымда еңбек етуде. Әу баста салынғанда құм тасы дұрыс төселмегендіктен және жүк көліктерінің жиі қатынауынан жолдың бұзылуы жиілеген. Қазіргі кезде құрылысы қайта жанданып, барлық талапқа сай асфальт төселуде. Мамандардың айтуынша, қажетті техника мен материал жеткілікті.
Бұл жолдың іргетасы өткен ғасырдың 60-жылдары қаланған. Таулы аймақ болғандықтан, ол құнарлы топырақтың үстіне ғана салынған. Қазіргі жөндеу жұмыстары барысында бірқатар қиындықтар туындады. Жоба бойынша ісіну көлемі 5 мың текше метр деп жоспарланса, қазір ол 50 мың текше метрге жетті, - дейді "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ ШҚОФ директорының орынбасары Алмас Қасенов.