Өскемен
малооблачно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +26°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +18°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +24°
  • Шымкент
    +27°
$
540
-0.87
630.72
-1.29
¥
75.23
-0.12
6.72
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде автобус тасымалын субсидиялауға 1,4 млрд теңге бөлінеді

2025 жылға арналған қала бюджеті нақтыланғаннан кейін депутаттар облыстық орталық мәслихатының кезектен тыс сессиясында қаражатты бөлу үшін дауыс берді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде автобус тасымалын субсидиялауға 1,4 млрд теңге бөлінеді
Фото:
Устинка LIVE

Облыстық мәслихат сессиясының шешіміне сәйкес Өскемен үшін облыстық бюджеттен трансферттер ұлғайтылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі үшін қысқы және жазғы кезеңдерде жолдарды күтіп ұстауды, сондай-ақ иесіз және жаңадан пайдалануға берілген электрмен жабдықтау желілеріне техникалық қызмет көрсетуді қаржыландыру ұлғайтылды. Шешек асуындағы абаттандыру аймағын электрмен жабдықтау үшін 110 млн теңге қарастырылған. Электр қуаты үнемі өшіп қалып, тұрғындары жиі шағыиданатын 16-шағын аудан үшін екі трансформаторлық қосалқы станцияны жабдықтауға 140 млн теңге, 28-шағын аудан үшін электрмен жабдықтаудың резервтік желісін ұйымдастыруға 60 млн теңге бөлінді.

Қала бюджетін қайта бөлу, мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша үнемдеу және бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту есебінен нақтылау шеңберінде ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне шұңқырларды жөндеудің күзгі кезеңіне – 30 миллион теңге, контейнерлік алаңдарды кеміргіштерден өңдеуге – шамамен 3,4 миллион теңге, жолдарды орташа жөндеуге – 663 миллион теңгеден астам шығыстар қарастырылған, - деді Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы Александр Светаш.

Следующая →