Өскемен
малооблачно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +21°
  • Ақтөбе
    +28°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +25°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +26°
  • Туркестан
    +27°
  • Шымкент
    +30°
$
537.34
623.05
¥
74.85
6.65
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-ға қыркүйекте "Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы келеді

ШҚО-да "Samruk-Kazyna Trust" қоры оңалту, кәсіптік бағдар, денсаулық сақтау бағыттарында жаңа жобаларды жүзеге асыруда

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-ға қыркүйекте "Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы келеді
Фото:
ШҚО ІСБ ұсынды

"Samruk-Kazyna Trust" қайырымдылық қоры өңірде 4 әлеуметтік жобаны қолға алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО ішкі саясат басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, көктемде "Samruk Umiti" жобасы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы балалар үйінің 50 тәрбиеленушісіне жұмысшы мамандықтарын таңдауға, колледждерге түсуге, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобына жұмысқа орналасуға көмек көрсетті. Бүгінде 9-сыныпты аяқтаған 11 бала жұмысшы және өзге де мамандықтар бойынша жергілікті колледждерге баруды жоспарлап отыр. Айта кетейік, жобаның алғашқы нәтижелері жуырда вице-премьер Ермек Көшербаевтың төрағалығымен өткен Республикалық жастар форумында таныстырылды.

Ұлан ауданында түрлі диагнозы бар, соның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиялары бар 70 балаға арналған аралас үлгідегі "Ainala" оңалту орталығы ашылады. Қазіргі таңда Өскеменде оңалту орталығы, ерте араласу орталығы және аутизмі бар балаларға арналған үш бірдей "Қамқорлық" орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықтарда жыл сайын шамамен 1000 бала кешенді көмек алады, - делінген ақпаратта. - Спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында 2024 жылдың шілдесінде Катонқарағай және Зайсан аудандарында 2 заманауи спорт алаңы ашылды. Сонымен қатар, "Саламатты болашақ" жобасы аясында Өскеменде ерекше балаларға арналған жүзу және бочча секциялары тегін жұмыс істейді.

Ал 10 қыркүйекте өңірге "Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы келеді. Дәрігерлер, медиатор мен заңгер 25 қыркүйекке дейін Предгорная, Тишинская, Черемшанка, Таусамалы, Күмістау, Бұқтырма, Заводинка, Тұрғысын ауылдарының тұрғындарына тегін медициналық және құқықтық қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, соңғы 5 жыл ішінде ШҚО-да "Samruk-Kazyna Trust" қоры жалпы 1,2 млрд теңгеге 18 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды.

Следующая →