Прагада басталған халықаралық автожорық мәресі - Өскеменде
"Mongol Rally" ралли-марафонына 20-дан астам елден 300-ге жуық адам қатысып жатыр

Бірнеше мемлекетті басып өткен марафон қатысушылары ШҚО-ға келіп тоқтайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ралли 13 шілдеде Чехия Республикасының Прага қаласында басталды. Жарысқа 20-дан астам елден 106 команда, 273 адам қатысуда, - дейді ұйымдастырушылар. - Қатысушылар мыңдаған шақырымдық қашықтықты еңсеріп, бірнеше ел мен аймақ арқылы жүріп өтіп, өз сапарын Шығыс Қазақстанда аяқтайды.
Ең ірі халықаралық автошеру қатысушылары Өскеменге 16 тамызда (19 команда, 55 адам) және 23 тамызда (57 команда, 146 адам) жетеді.
Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысында "Mongol Rally" мәресі алғаш рет ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарының үлкен қызығушылығын тудырды. Бұл оқиға өңірдегі туризмді дамытып, имиджін нығайтуға зор үлес қосады.
Барлық қала тұрғындаыр мен қонақтары айтулы оқиғаның куәсі болу үшін 23 тамыз күні сағат 14.30-да Достық үйі алаңына шақырылады.