Бүгін-ертең Өскеменде трамвайлар жүре бастайды
Бұл туралы қаланың көлік компаниясының бас инженері Михаил Чайка айтты

Естеріңізге сала кетейік, 15 тамыздан бері Қазақстан-Мыза көшелерінің қиылысындағы трамвай паркінің кіре берісіндегі рельстерді жаңарту жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Трамвайлар бүгіннен бастап жүреді деп жоспарлануда. Ал Бабкин диірмені ауданына қарай көлік қозғалысы 21 тамызда ашылмақ.
Жоғарыда аталған учаскеде рельстер, шпалдар және рельсті бекіткіштер ауыстырылды. Негізі жаңа асфальтпен жабылады, - деп бөлісті Михаил Чайка
Түнгі уақытта жүргізілетін жұмыстарға төрт техника мен 15 адам жұмылдырылған.