Серебрянск тұрғындарына кешкі уақытта көшеге шықпау ескертілді
Бірнеше күн бұрын қалалық әкімдік ғимараты маңына аю келген болатын

Фото:
depositphotos.com
Жергілікті әкімдік қала тұрғындарына қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Яғни, аса қажет болмаса кешкі 18.00-ден кейін көшеге шықпаған жөн, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Сақтық ережелері:
- Тамақ қалдықтарын бет алды тастамаңыз. Тамақтың иісі аюларды тартады. Егер қоқысты шығару мүмкін болмаса, тамақ қалдықтарын жою керек - өртеу немесе көміп тастау.
- Елді мекеннен тыс демалыс орындарында сақ болыңыз, демалушылардың негізгі тобынан алыстамаңыз. Жалғыз адамның аюдың шабуылына ұшырау мүмкіндігі әлдеқайда жоғары. Балаларды үнемі назарда ұстаңыз.
- Ешқашан аюларды тамақтандырмаңыз және оларға жақындамаңыз.
- Ешбір жағдайда қонжықтарға жақындамаңыз. Бұл ана аюдың ашуландыруы мүмкін.
- Көлігіңіздің терезесінен аюды көрсеңіз, оған тамақ беруге тырыспаңыз.
Аюмен бетпе-бет келіп қалсаңыз, есте сақтаңыз:
- Аюдың есту және иіс сезу қабілеті өте жақсы дамыған, бірақ оның көру қабілеті салыстырмалы түрде әлсіз. Егер сіз аюды бірінші болып байқасаңыз, оның назарын аудармай, абайлап алыстаңыз.
- Егер сіз ғимаратқа жетіп үлгеретініңізге сенімді болмасаңыз, жақындап келе жатқан аюдан қашпаңыз. Қашсаңыз аю артыңыздан қуалай кетеді. Тіпті тойып тұрған жыртқыштың өзі сағатына 60 км жылдамдықпен жүгіре алады.
- Орманда жидек немесе саңырауқ жинап жүргенде мүмкіндігінше шу шығарыңыз: ән айтыңыз, қатты сөйлесіңіз. Әдетте аю шулы жерден өзі кетіп қалады.
- Жемтікке жақындамаңыз, себебі аю жемтіктің исін сезіп, сол маңайға келуі мүмкін.