Өскеменде CodeMasters Hackathon 3.0 басталды
Хакатон қатысушылары жергілікті кәсіпкерлерге арналған мобильді қосымша әзірлейді

Үздік жоба 500 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Хакатон 18–29 тамызы аралығында Oskemen Hub алаңында (Appetite компаниясымен бірлесіп) өтеді. Ол жергілікті кәсіпкерге арналған мобильді қосымша әзірлеуге бағытталған.
ШҚО ішкі саясат басқармасы ақпараты бойынша, бүгін қатысушыларға тапсырмалар мен техникалық талаптар берілді. Командалар 10 күн ішінде гастросаладағы жергілікті кәсіпкердің бизнесін дамытуға арналған мобильді қосымшаны жасау үшін жұмыс істейтін болады.
29 тамызда қатысушылар өз жобаларын сараптамалық қазылар алқасына таныстырады. Қазылар алқасының құрамына IT саласының өкілдері, кәсіпкерлер мен ұйымдастырушылар кіреді.