Өскеменде велоспорттан ашық турнир өтеді
Турнир ересектер, жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер арасында жекелей ұйымдастырылады

Жарысқа велосипеді мен қорғаныс дулығасы, медициналық рұқсаты бар кез келген өскемендік қатыса алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Санаттар мен қашықтықтар:
- Ересектер 19-45 жас (қабылдау 18 жастан бастап) 40 км
- Жасөспірімдер 15-16 жас (қабылдау 14 жастан бастап) 30 км
- Жігіттер 17-18 жас (қабылдау 16 жастан бастап) 40 км
- Қыздар 16-17 жас (қабылдау 15 жастан бастап) 30 км
Жарыс 25 тамыз күні сағат 09.00-де Әл-Фараби даңғылынан бастау алады (қатысушыларды тіркеу 08.00-де), - деп мәлімдеді Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі. – Қатысушылардың жеке велосипеді мен қорғаныс дулығасы, медициналық рұқсаты болуы міндетті. Қосымша ақпаратты 7 776 483 0011 нөмірі арқылы білуге болады.
Жүлде қоры (әр санат бойынша):
- I орын -100 000 тг
- II орын -60 000 тг
- III орын -40 000 тг