Есірткі саудасы туралы хабарлаған шығысқазақстандықтарға сыйақы төленеді
ШҚО прокуратурасы бизнес өкілдерімен бірлесіп "STOP есірткі!" бастамасын қолға алып, жеке қор құрды

Мемлекет басшысы нашақорлықтың алдын алуды, әсіресе білім беру және ақпараттық салаларда күшейтуді, сондай-ақ жастар арасында есірткі мен алкогольді насихаттауға, оның ішінде интернет пен БАҚ-та жағымды етіп көрсетуіне қарсы тұруды тапсырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бүгінгі таңда құқық бұзушылықтардың алдын алуға жастар мен оқу орындарын тартып, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы 40 меморандум жасадық, - дейді ҚР бас прокуроры Берік Асылов. - Білім беру ұйымдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде есірткіге қарсы кең ауқымды науқан жүргізілуде.Мысалы, Абай облысында ЖОО-ның заң факультетінің студенттері (56 адам) нашақорлықтың және басқа да қылмыстардың алдын алу мақсатында Семей қаласының 7-10-сынып оқушыларымен кездесу өткізуді көздейтін жобаны бастады.
Алматыдағы мұндай өзара іс-қимыл "Жастармен" атты жастар жобасына 3,5 мыңнан астам қатысушыны тартуға мүмкіндік берді, онда студенттер полициямен бірге ойын-сауық орындарында рейдтер жүргізеді, саябақтар мен қоғамдық орындарды аралап, шолып шығады.
Шығыс Қазақстан облысында прокурорлар Әкімдіктің қолдауымен бизнес өкілдерімен бірлесіп "STOP есірткі!" бастамасын бастады, жеке қор құрды. Есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдарға сыйақы төленеді.
Жобалар әр өңірде жүзеге асырылуда.