Өскемен
пасмурно
-19°
  • Өскемен
    -19°
  • Алматы
    -9°
  • Астана
    -21°
  • Ақтөбе
    -13°
  • Актау
    +2°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -21°
  • Көкшетау
    -19°
  • Қостанай
    -19°
  • Қызылорда
    -8°
  • Павлодар
    -21°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -8°
  • Туркестан
    -8°
  • Шымкент
    +1°
$
518.39
+3.65
603.09
+3.73
¥
73.39
+0.52
6.68
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменге "Әзірет Сұлтан" ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының жәдігерлері жетті

Өскемендіктер мен қала қонақтары "Түркістан – мыңжылдықтар сәулесі" көрмесін тамашалай алады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменге "Әзірет Сұлтан" ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының жәдігерлері жетті
Фото:
azretsultan.kz

Көрме 19 тамыздан 13 қыркүйекке дейін тұрады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

19 тамыз күні сағат 11.00-де Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде "Түркістан - мыңжылдықтар сәулесі" атты көрме ашылады. Бұл көрме Қожа Ахмет Ясауи ілімінің ғасырлар бойы адамдардың жүрегін нұрландырып, ақиқат нұрына жетелеген рухани шамшырақ болғанын паш етеді.

Экспозицияда екі жарық символы көрініс табады: рухани жарық – Ясауидің, оның шәкірттері мен ізбасарларының қолжазба кітаптары арқылы; және заттық жарық – XII–XIX ғасырлардағы Түркістан өңірінде жасалған керамикалық және қола шырағдандар арқылы. Осы екі жарықтың тоғысуы көрерменді өткен ғасырлардағы рухани білімнің және мәдени мұраның шынайы сәулесімен қауыштырады, - деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің баспасөз қызметі. - Көрмеде Яссауидің "Диуани хикмет", "Миратул-қулуб", "Пақырнама", "Рисала-и дар адаби тариқат" сияқты еңбектерімен қатар, оның шәкірттері мен Яссауи ілімінің көрнекті өкілдерінің сирек қолжазбалары мен еңбектері, сондай-ақ сол дәуірге тиесілі жәдігерлер ұсынылады. Экспозиция тарихи деректер мен поэтикалық бейнелерді ұштастыра отырып, Ясауи нұрының тек метафора емес, ұрпақ жүрегінде ғасырлар бойы сөнбеген шынайы жарық екенін айғақтайды.

Следующая →