ШҚО тұрғынының көлігінен Қызыл кітапқа енген құс табылды
Шығыс Қазақстан облысында полицейлер жануарлар әлемін қорғау өкілдерімен бірлесіп жедел профилактикалық рейд өткізген

Рейд барысында "Сузуки" автокөлігінен ителгі табылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Тексеру кезінде көліктен ҚР Қызыл кітабына енген бір ителгі және тұзақ ретінде пайдалану мақсатында алты көгершін табылып, тәркіленді. Ұсталған 55 жастағы ШҚО тұрғыны барлық мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарларды заңсыз ұстау фактісі бойынша ҚР ҚК-ның 339-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәркіленген жабайы құстар Өскемен қаласындағы мемлекеттік зообаққа табысталды.