Өскеменде Мыза көшесіндегі жол бірнеше күнге жабылады
Бүгін Мыза және Қазақстан көшелерінің қиылысында трамвай рельстерін ауыстыру жұмыстары басталады

Фото:
instagram/otdel_zhkh_yk
Осыған орай Бабкин диірмені ауданына апаратын жол жабылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
13 тамыз сағат 23.00-ден бастап 27 тамызға дейін Қазақстан-Мыза көшелерінің қиылысында трамвай рельстерін қайта жаңарту және ауыстыру жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл аумақтағы Бабкин диірмені кентіне қарай автомобиль қозғалысы, оның ішінде қоғамдық көлік үшін жол қозғалысы жабылады, - деп ескертті Өскемен қалалық ТҮКШ бөлімі.