Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +30°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +27°
  • Актау
    +28°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +34°
  • Павлодар
    +18°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +31°
  • Туркестан
    +24°
  • Шымкент
    +32°
$
539.49
627.7
¥
75.1
6.75
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да архив ісін цифрландыру белсенді жүргізілуде

Істердің келіп түсуі мен шығуын есепке алу, құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу, істер номенклатуралары мен тізімдемелерін сараптамалық-тексеру комиссиясына жолдау, сондай-ақ электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы құжаттарға қол қою автоматтандырылуда

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да архив ісін цифрландыру белсенді жүргізілуде
Фото:
pexels

Электрондық есепке алу және архивтік деректер ақпараттық жүйесі (ЕЭАД АЖ) құжаттарды жылдам іздеуді қамтамасыз етеді және өзге электрондық құжат айналымы жүйелерімен ықпалдасуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

2025 жылдың өзінде облыстың мемлекеттік архив мекемелері мен мемлекеттік органдар жүйені толықтыру бағытында белсенді жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві 87 319 іс тақырыбын енгізіп, сканерленген құжаттарды жүктеуді бастады. Қазіргі уақытта ЕЭАД АЖ-да 34 769 архив ісінде (2,13%) 1 247 650 парақ құжат енгізілген, - деп мәлімдеді ШҚО цифрландыру және мұрағаттар басқармасы.

Қазақстан Республикасы бойынша архив мекемелері "Архивтік анықтамалар, құжат көшірмелері және үзінділер беру" бойынша бірегей мемлекеттік қызмет көрсетеді. Бұрын бұл қызмет қағаз түрінде ұсынылса, бүгінде азаматтардың көпшілігі нәтижені электрондық форматта алады. Бұл тәсіл жылдам әрі ыңғайлы.

Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұрау салуларды тіркеу және өңдеу толығымен ЕЭАД АЖ арқылы жүзеге асады. "Электрондық үкімет" порталы және ХҚКО-мен интеграция нәтижесінде азаматтардың өтініштері тікелей электрондық архивке түсіп, орындаушы тағайындаудан бастап, нәтижеге ЭЦҚ қоюға дейінгі барлық кезең электрондық форматта өтеді. Қызмет көрсету мерзімі – 11 жұмыс күнінен аспайды, - делінген ақпаратта. - Облыстың архив мекемелерінде "өзіне-өзі қызмет көрсету" секторлары жұмыс істейді. Мұнда азаматтарға ЭЦҚ алу, өтініш беру, сондай-ақ eGov порталындағы "Жеке кабинеттен" дайын нәтижені алу бойынша кеңес беріледі.

Архив ісін цифрландыру – бұл тек техникалық жаңғырту емес, бүкіл саланың трансформациясы. Ол тарихи-мәдени мұраны сақтау мен қоғамға архивтік ақпаратты қолжетімді етудің жаңа мүмкіндіктерін ашады. Сонымен қатар, инновация мен деректердің түпнұсқалығын сақтау арасындағы тепе-теңдік басты назарда ұсталады.

Следующая →