Өскеменде суға ағып кеткен азаматтың денесі Предгорное маңынан табылды
27 шілде күні Самал жағажайында шомылып жүрген 2006 жылғы жігіт суға ағып кеткен болатын

Фото:
depositphotos.com
Кеше оның денесі Предгорное ауылының маңынан табылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Самал саябағының жабдықталмаған учаскесінде суға батып кеткен 2006 жылғы азаматты құтқарушылар мен еріктілер 27 шілдеден бастап іздестіріп келеді. Оның денесін Предгорное ауылының маңындағы Ертістен кугерлердің бірі тапқан, ТЖД қызметкерлерінің күшімен судан шығарылды, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.