Өскемен
малооблачно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +30°
  • Орал
    +30°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +25°
  • Қызылорда
    +33°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +27°
  • Туркестан
    +27°
  • Шымкент
    +30°
$
539.38
+2.80
629.46
+6.71
¥
75.14
+0.46
6.76
+0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да жұмыртқа, тұз, сары май, тауық еті қымбаттаған

ШҚО-да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры мен бағасына тұрақты мониторинг жүргізілуде

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да жұмыртқа, тұз, сары май, тауық еті қымбаттаған
Фото:
pixabay

Статистикалық деректерге сәйкес, облыста жұмыртқа, тұз, сары май, тауық еті сияқты күнделікті тұтынатын бірқатар өнімдердің бағасы өскені байқалады. Ал картоп, сәбіз, қырыққабат және пияз бағасының төмендеуі тіркелді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу – өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі аса маңызды мәселе. Бұл – баға тұрақтылығын сақтау және халық үшін негізгі азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық саясаттың ажырамас бөлігі. ӘМАТ бағасының өсуін тежеу – өңір үшін басымдыққа ие міндет. Бұл – әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, халықтың азық-түлікке қолжетімділігін арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет, – деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Шығыс Қазақстан облысында бағаны тұрақтандыру мақсатында "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы кәсіпкерлік субъектілерімен өнім жеткізу бойынша займ шарттарын жасасты. Сонымен қатар, 2025–2026 жылдардағы маусымаралық кезеңге картоп, сәбіз, пияз және қырыққабатты қамтитын 7 мың тонна көкөніс өніміне келісімшарттар жасалды.

ШҚО-дағы әлеуметтік сауда нүктелерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) тоғыз түрі сатылымға шығарылған.

Атап айтқанда:

  • картоп – 263 тг/кг,
  • сәбіз – 288 тг/кг,
  • пияз – 228 тг/кг,
  • қырыққабат – 263 тг/кг,
  • күріш – 432 тг/кг,
  • қарақұмық жармасы – 181 тг/кг,
  • күнбағыс майы – 720 тг/кг,
  • қант – 417 тг/кг,
  • рожки – 305 тг/кг.

2025–2026 жылдардағы маусымаралық кезеңге картоп – 2000 тонна, сәбіз – 900 тонна, пияз – 600 тонна, қырыққабат – 900 тонна көлемінде келісімшарттар жасалды.

ӘМАТ бағасы бойынша статистикалық деректердің неғұрлым шынайы көрсетілуі үшін Статистика департаменті зерттейтін сауда нысандары тізіміне Тұрақтандыру қоры арқылы өнім таратылатын сауда орындарын енгізу ұсынылды.

Келісімшарттардың кеш жасалуына байланысты биыл ӘМАТ сатылымы 22 мамырда ғана басталды. Ал көктем-жаз маусымындағы тұрақтандыру кезеңі 1 мамыр мен 31 шілде аралығында белгіленген болатын.

Аталған механизмді іске асырып, 2026 жылғы көктем-жаз кезеңіне келісімшарттарды 2025 жылғы тамыз айында, ал 2026–2027 жылдардағы күз-қыс кезеңіне келісімшарттарды 2025 жылғы қыркүйекте жасасу қажет, – деп тапсырды облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен, әсіресе "Алтай" көтерме-реттеу орталығы арқылы форвардтық келісімшарттар жасау мәселесін пысықтау қажет. Қазіргі таңда 1000 көтерме жеткізушімен, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен және сауда орындарымен 7%-дық ең төменгі сауда үстемесін қолдану туралы меморандумдар жасалған. Облыс аумағында негізгі тауарлар ең төменгі сауда үстемесімен сатылатын 227 әлеуметтік бұрыш жұмыс істейді.

Жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өнімдерін үстемесіз сатуға арналған 263 сауда орны тұрақты түрде ұсынылады. Өнімдерді сауда үстемесінсіз сату үшін облыс көлемінде тұрақты түрде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі. Жыл басынан бері ШҚО-да 160 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

Следующая →