Өскемен
малооблачно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +30°
  • Орал
    +30°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +25°
  • Қызылорда
    +33°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +27°
  • Туркестан
    +27°
  • Шымкент
    +30°
$
539.38
+2.80
629.46
+6.71
¥
75.14
+0.46
6.76
+0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да жыл сайынғы "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы басталды

Бұл акция әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы балаларға жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтарды дайындауға көмектесуге бағытталған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да жыл сайынғы "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы басталды
Фото:
Устинка LIVE

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының хабарлауынша, "Мектепке жол" акциясы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Көмек ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары, мүмкіндігі шектеулі балалар, төтенше жағдайлардан зардап шеккендер, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған өзге де балаларға көрсетіледі.

Бұл игі дәстүрге айналған акцияға мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен бизнес өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен еріктілер және бейжай қарамайтын азаматтар қатысуда. Мектеп формасын, кеңсе тауарларын, сөмке, киім, аяқ киім немесе кітаптар алып беруге, сондай-ақ материалдық немесе өзге де (адрестік) қолдау көрсетуге болады.

Көмек көрсеткісі келетіндер немесе өзіне көмек қажет жандар білім басқармасына, тұрғылықты жеріңіздегі білім бөліміне немесе мектепке жүгінуі қажет.

"Мектепке жол" акциясы елімізде 16 жылдан бойы жалғасып келеді.

Следующая →