Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +29°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +23°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +33°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +34°
$
542.66
+3.17
631.98
+4.28
¥
75.54
+0.44
6.77
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығысқазақстандық журналистер ЖИ-дің қыр-сырын меңгерді

Былтырдан басталған "Журналистикадағы жасанды интеллект және медиа этика" тақырыбындағы семинар-тренинг Өскеменде де өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Шығысқазақстандық журналистер ЖИ-дің қыр-сырын меңгерді

Ұйымдастырушылар - Халықаралық Түркітілдес журналистер қоры мен Halyk Bank өкілдері, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жиында журналистер қаржылық сауаттылық, жасанды интеллект, медиа этика және "YouTube-2025: жаңа трендтер", монетизация, кіріс көзін диверсификациялау, авторлық сайт ашып, ниша таңдау тақырыптарында білімін жетілдірді.

Өңірлік БАҚ өкілдері мен жас тілшілердің басын қосқан семинарға Катонқарағай, Марқакөл, Глубокое, Ұлан, Тарбағатай аудандарының журналистері де келді.

Былтыр бұл семинар Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент пен Түркістанда өткен. Биыл Орал, Қостанай, Семей, Тараз және Өскеменде өткіздік. Шығыста ұйымдастырылған тренингке тек қаладан емес, шалғай аудандардан да қазақша ақпарат тарататын тілшілер келіп, қатысты. Ақпараттық қауіпсіздік, жасанды интеллект, верификация төңірегінде мол мәлімет айталды, - дейді "Түркітілдес журналистер қоры" ҚҚ президенті Нәзия Жоямергенқызы.

ЖИ күн сайын қарқынды дамып, мүмкіндіктері кеңейіп, әр салаға еніп келеді. Осы орайда журналистика да кенже қалмай, тілшілер ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және тарату үшін заманауи құралды ұтымды пайдалана бастаған. Халықаралық Түркітілдес журналистер қорының мамандары шығысқазақстандық тілшілерге түрлі сайт, қосымшаларды көрсетіп, ЖИ-ді пайдаланудың қыр-сырын түсіндірді.

Следующая →