Өскемен
малооблачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +30°
$
538.03
+0.07
629.23
-1.04
¥
75.03
+0.05
6.74
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Экология – болашақтың кепілі: Алтайда маңызды кездесу өтті

Жастар мен мамандар қоршаған ортаны сақтау, энергия мен жылуды үнемдеу, табиғатты қорғау жолдарын талқылады

Усть-Каменогорск и ВКО / Экология – болашақтың кепілі: Алтайда маңызды кездесу өтті
Фото:
РСК ВКО

Серебрянск қаласында "Болашаққа арналған экологиялық шешімдер: энергия, жылу және табиғат" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға белсенді жастар, экология саласының мамандары, мемлекеттік мекемелердің өкілдері және табиғатқа бейжай қарамайтын тұрғындар қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Іс-шараны Алтай ауданының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Негізгі қатысушылар қатарында – "Өскемен орман шаруашылығы" мен "Кіші Үлбі" орманшылығының мамандары, сондай-ақ жастар орталығының әдіскері Құттыбаева М.Е. болды.

Кездесудің мақсаты – экологиялық білімді арттырып, табиғатқа ұқыпты қарауға үндеу.

Қатысушылар энергия мен жылуды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды ұтымды басқару, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау мәселелерін талқылады.

Дөңгелек үстел барысында экологияға әсер ететін адам әрекеттері мен қазіргі заманғы сын-қатерлер туралы баяндамалар ұсынылды. Сонымен қатар, экологиялық жағдайды жақсарту үшін жасыл желек отырғызу, жастарға арналған ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру сынды нақты ұсыныстар айтылды.

Кездесудің маңызды нәтижелерінің бірі – түрлі мекемелердің күш біріктіріп, бірлескен іс-қимыл жоспарын жасауға дайын екендігі болды. Қатысушылар экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен халықтың осы саладағы сауаттылығын арттырудың маңызын атап өтті.

Шара соңында қатысушылар мұндай кездесулерді тұрақты өткізіп, ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін жеткізді.

Следующая →