Өскемен
малооблачно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +31°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +28°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +32°
$
542.29
-0.37
629.54
-2.44
¥
75.44
-0.10
6.77
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ғарышкер Талғат Мұсабаев дүниеден өтті

Қазақтан шыққан екінші ғарышкер Талғат Амангелдіұлы 74 жасында өмірден озды

Новости Казахстана / Ғарышкер Талғат Мұсабаев дүниеден өтті
Фото:
museumgagarin.ru

Мемлекет басшысы ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы, мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Мұсабаевтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

Талғат Амангелдіұлы үш мәрте ғарышты бағындырған, ашық космосқа шығып, айтулы ерлігімен еліміздің атын әлемге танытқан батыр тұлға еді. Отандық аэроғарыш саласын дамытуға бар күш-жігерін жұмсап, еселі еңбек етті. Сенат депутаты және қоғам қайраткері ретінде көптеген игі іске бастамашы болды. Кәсіби біліктілігімен, айналасына сыйлы азаматтық қалпымен халықтың құрметіне бөленген Талғат Амангелдіұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

Следующая →