Өскемендегі ең үздік ауланы анықтайтын байқау жарияланды
Өз үйінің ауласын абаттандырып, күтіп-ұстауға атсалысқан тұлғалар анықталып, марпатталады

Байқау қорытындысы желтоқсан айында шығады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Байқау абаттандыру жұмыстарының тиімділігі мен сапасын арттыру, аула ішіндегі аумақтарда қалалық ортаның эстетикалық және функционалдық тартымдылығын қалыптастыру, өз ауласының аумақтарын абаттандыруға және көпқабатты тұрғын үйлерді техникалық күтіп-ұстауға үлкен үлес қосқан кондоминиум объектілерін басқару органдарының ең белсенді және жауапты қызметкерлерін анықтау және марапаттау, сондай-ақ кондоминиум объектілерін басқару органдарының тұрғын үй қорын күтіп ұстау және оған қызмет көрсету жөніндегі оң жұмыс тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында өткізіледі, - деп мәлімдеді қалалық әкімдік.
Байқау үш кезеңнен тұрады:
- Бірінші кезең – іріктеу, қатысуға өтінімдерді жинауды Өскемен қаласы әкімдігінің "Аумақтық басқару орталығы" КММ филиалдары (әрі қарай-АБО) кейіннен "Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі" ММ (әрі қарай-Бөлім) беріледі.
- Екінші кезең – номинациялар бойынша материалдарды (фотосуреттер, бейнероликтер, портфолиолар) жинақтауды АБО жәнеде Бөлім 2025 жылғы 1 қарашаға дейін тапсыра отырып, жүргізеді.
- Үшінші кезең – 2025 жылғы 10 қарашаға дейін жиналған материалдар бойынша жұмыс тобы байқаудың қорытындыларын шығарады.
Байқауға өтінім берген барлық кондоминиум объектісін басқару органдары қатысады.
Байқаудың жеңімпаздары 16 желтоқсанға дейін марапатталады.
Қосымша сұрақтар болса, 8-7232-74-14-51 телефон нөмері ақылы ақпарат алуға болады.