Өскемен
ясно
+25°
  • Өскемен
    +25°
  • Алматы
    +33°
  • Астана
    +27°
  • Ақтөбе
    +31°
  • Актау
    +30°
  • Орал
    +30°
  • Қарағанды
    +32°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +24°
  • Қызылорда
    +39°
  • Павлодар
    +29°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +33°
  • Туркестан
    +26°
  • Шымкент
    +37°
$
533.61
+0.87
621.07
+3.84
¥
74.34
+0.14
6.78
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО өнеркәсіптік әлеуетінің 60%-ы түсті металлургияға тиесілі

Облыста Металлургтер күніне арналған салтанатты шара өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО өнеркәсіптік әлеуетінің 60%-ы түсті металлургияға тиесілі
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Шығысқазақстандық металлургтер Президент атынан "Еңбек Даңқы" III дәрежелі орденімен, "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз – Металлургтер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл елімізде жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Металлургия – өнеркәсіптің жүрегі, өңір экономикасының негізі. Қазақстанның индустриялық дамуына металлургтердің қосқан үлестері баға жетпес. Бүгінде металлургия еліміздің экономикасындағы жетекші салалардың бірі болып қалып отыр, – деп атап өтті облыс басшысы Нұрымбет Сақтағанов.

Өңірдің өнеркәсіптік әлеуетінің шамамен 60%-ы базалық сала – түсті металлургияға тиесілі. Қазақстандағы мырыш шикізатының 100%-ы мен аффинирленген күмістің 70%-ы ШҚО-да өндіріледі. Облыста 70-тен астам өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істейді, олардың 80%-ы – өңдеу секторы.

Әлемде небары үш бериллий және бес тантал өндіретін кәсіпорын бар, солардың бірі – Үлбі металлургиялық зауыты. Бұл – ТМД елдеріндегі тантал өнімін шығаратын жалғыз кәсіпорын және бұл кәсіорынның жылына 200 тонна уран өндіретін атом электр станцияларына арналған отын дайындайтын бірегей өндірісі бар.

Шығыс Қазақстанның ерекше мақтанышы – сирек және стратегиялық маңызы бар металдарды өндіретін кәсіпорындары "Қазцинк", Үлбі металлургиялық зауыты, титан-магний комбинаты, "Востокцветмет" және басқа да кәсіпорындар отандық өнеркәсіптің флагмандары саналады.

Сіздер өндіретін өнім Қазақстанда ғана емес, әлемнің ірі нарықтарында да сұранысқа ие. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен өз ісіне деген адалдықтарыңыз – кәсіпорындардың тұрақты жұмысы мен алға басуының негізі. Ел дамуы мен халықтың әл-ауқатына қосқан еңбектеріңіз орасан. Бұл саланың іргесін қалаған ардагерлерге де алғысымыз шексіз. Металлургия саласы жаңа жетістіктерге жетіп, еліміздің дамуына жаңа серпін берсін! – деді облыс басшысы.

Металлургтер күніне орай "Еңбек Даңқы" III дәрежелі орденімен "Востокцветмет" ЖШС Артемьев кеніші жер асты учаскесінің тау-кен шебері Серікқан Төлеубаев пен "Қазцинк" ЖШС мыс зауытының балқытушысы Казез Бекшентаев марапатталды.

"Ерен еңбегі үшін" медалі "Қазцинк" ЖШС Малеев кеніші тиеу-жеткізу машинасының машинисі Руслан Қарықбаевқа табысталды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен "Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ уран өндірісі аппаратшысы Михаил Матрёнин, "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ №3 цехінің пешшісі Юрий Куликов, "ТМК" АҚ №12 цехының балқытушысы Азамат Қожахметов, "Востокцветмет" ЖШС Ертіс кеніші машинисі Нұрлан Есімбеков, "Востокцветмет" ЖШС Артемьев шахтасының машинисі Архат Көпжасаров марапатталды.

Салтанатты шара естелік суретке түсумен аяқталды.

Следующая →