Өскемен
ясно
+23°
  • Өскемен
    +23°
  • Алматы
    +31°
  • Астана
    +27°
  • Ақтөбе
    +31°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +28°
  • Қарағанды
    +29°
  • Көкшетау
    +24°
  • Қостанай
    +25°
  • Қызылорда
    +36°
  • Павлодар
    +27°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +32°
  • Туркестан
    +27°
  • Шымкент
    +34°
$
532.74
+6.24
617.23
+5.59
¥
74.2
+0.86
6.77
+0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде Үлбінің ағысы анасы мен қызын алып кетті

Оларды жедел жеткен полиция қызметкерлері құтқарып қалды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде Үлбінің ағысы анасы мен қызын алып кетті
Фото:
ШҚО ПД

Оқиға кеше түскі уақытта орын алған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

17 шілде күні сағат 14.20 шамасында "102" жедел арнасына Өскемен қаласының тұрғыны Үлбі өзені маңында танысы кішкентай қызымен бірге суға түскенін және оларды  қатты ағыс алып кеткені туралы хабарлаған, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі. – Оқиға орнына жүрген экипаж жеткенше ақпаратты рациядан естіген Үлбі полиция бөлімінің криминалдық полиция бастығының орынбасары полиция майоры Сұнғат Сейлжанов сол маңда жүргендіктен бірден көмекке ұмтылған. Сол сәтте анасы мен баласын ағыс едәуір қашыққа алып кеткен. Алайда офицер оларға жетіп, судың бетінде ұстап тұрған.

Көп ұзамай қарама-қарсы жағадан патрульдік полиция батальоны ротасының командирі, полиция капитаны Мадияр Мұхамеджанов басқарған №9 экипаж шұғыл жетеді. Алайда қатты ағыс салдарынан жағаға шыға алмай, құтқарушылардың қайықпен келуін күтіп, су ішінде қалуға мәжбүр болды.

Үйлесімді әрекет пен жедел шешім қабылдаудың арқасында қайғылы жағдайдың алдын алды. Қазіргі уақытта анасы мен қызының өміріне қауіп жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Следующая →