Ертіс көпіріндегі жолдың екі шеткі жолағы жабылады
Бүгіннен бастап Өскемен қаласындағы негізгі көпірде көлік қозғалысы шектеледі

Сәтпаев даңғылы бойындағы көпір жолында күрделі жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
15 шілдеден бастап қаладағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысы бойынша мердігер ұйым Ертіс өзені арқылы өтетін автокөлік көпірінің Сәтпаев даңғылы бойындағы бөлігіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізеді, - деп мәлімдеді Өскемен қалалық полиция басқармасы. - Осыған байланысты, ЖМК шағын ауданы жағынан көпірдің шеткі екі жолақтарында көлік қозғалысына шектеу қойылады.
Жөндеу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарлануда.