Өскемен
ясно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +31°
  • Орал
    +29°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +32°
  • Туркестан
    +24°
  • Шымкент
    +34°
$
524.24
+3.31
612.94
+3.87
¥
73.15
+0.47
6.68
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде әлемдік шахмат жарысы өтеді

Облыс орталығында әлемдік шахмат жұлдыздары, жас данышпандар және қазақстандық көшбасшылар бас қосады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде әлемдік шахмат жарысы өтеді
Фото:
pexels

21-29 шілде аралығында Oskemen Open 2025 халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ауқымды шараны ҚР Туризм және спорт министрлігі мен ШҚО бойынша дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Қазақстан шахмат федерациясы (KazChess) ұйымдастырып отыр. Masters турнирі классикалық шахматтан 2025 жылғы Қазақстан Кубогының екінші кезеңі болмақ.

Жарыстың ашылуы 21 шілде сағат 14.00-де Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде (Серікбаев көшесі, 19) өтеді. Ашылу рәсімінен кейін бірінші тур өтеді. Қалған сегіз тур 22-29 шілде аралығына жоспарланған.

Фестивальдің жалпы жүлде қоры 100 000 АҚШ долларына жетеді.

Фестиваль үш турнирді қамтиды:

  • Masters: $78 000 ($18 000 - 1-ші орын, $14 000 - 2-ші орын, $10 000 - 3-ші орын, $1000 - 15-ші орын және 15-ші орыннан төмен болса, әйелдер арасындағы ең жақсы нәтиже).
  • Challengers: $15,000 ($4000 - 1-ші орын).
  • Open: $7000 ($2000 - 1-ші орын).

Challengers және Open турнирлерінде әйелдер мен жергілікті ойыншыларға арнап қосымша жүлделер бөлінген. Барлық турнир швейцариялық жүйе бойынша тоғыз турмен өтеді. Уақыт бақылау: партияға 90 минут беріледі және әр жүріс үшін 30 секунд қосылады, - делінген ақпаратта. - Masters турниріне 20 елдің 75 ойыншысы: 20 гроссмейстер, 35 халықаралық шебер, әйелдер арасындағы екі гроссмейстер қатысады. Рейтингі 2500-ден жоғары он сегіз шахматшы қатысатындықтан сайыстың тартысты өтетіні күмәнсіз. Фавориттер: Рихард Раппорт (2715, Венгрия), Богдан-Даньел Дяк (2674, Румыния), Аркадий Найдич (2629, Болгария), Антон Демченко (2610, Словения), Нараянан Сунилдут Лина (2597, Үндістан), Сергей Азаров (2590, FIDE), Алексей Гребнев (2582, FIDE).

Қазақстанның намысын қорғайтын спортшылар:

  • Әлішер Сүлейменов (2497)
  • Арыстанбек Оразаев (2490)
  • Алдияр Аңсат (2489)
  • Жандос Ағманов (2483)
  • Азамат Өтеғалиев (2462)
  • Рамазан Жалмаханов (2456)

Әйелдер арасындағы сайыс қызу өтетіні анық:

  • Батхуягийн Монгонтуул (2356, Моңғолия)
  • Афруза Хамдамова (2326, Өзбекстан)
  • Зарина Нұрғалиева (2336, Қазақстан)
  • Ксения Балабаева (2332, Қазақстан)
  • Меруерт Камалиденова (2323, Қазақстан)
  • Алуа Нұрман (2306, Қазақстан)
  • Әмина Қайырбекова (2273, Қазақстан)
  • Әсел Серікбай (2222, Қазақстан)

Challengers турнирінде жарысушылар тізімін IM Аадитья Дхингра (2398, Үндістан) бастап тұр. Негізгі ойыншылар:

  • Наранболд Содбилегт (2363, Моңғолия)
  • Бат-Эрдене Мунгунзул (2337, Моңғолия)
  • Турмунх Мунхзул (2236, Моңғолия)
  • Кирилл Кудеринов (2340, Қазақстан)
  • Константин Казаков (2288, Қазақстан)

Жастар мен тәжірибелі ойыншылар $4000 жүлдені сарапқа салып, үлкен алаңда өздерін көрсету мүмкіндігі үшін бәсекеге түседі.

2025 жылғы Қазақстан Кубогы үш кезеңнен және финалдан тұрады. Oskemen Open 2025 аясында өтетін Masters турнирі екінші кезең ретінде есепке алынады. Жарыстың бірінші кезеңі - Владимир Дворкович Мемориалы (Aktobe Open 2025) 30 маусымда Ақтөбеде аяқталды. Онда GM Алексей Сарана (2686, Сербия) жеңімпаз атанды. Үшінші кезең - Almaty Region Open 2025 Қонаев қаласында 4-12 тамыз аралығында өтеді. Финал Алматыда өтеді (9–19 қараша) және оған 12 шахматшы: кезең ұпайлары бойынша үздік шыққан алты спортшы және Қазақстан шахмат федерациясы Президиумының шешімімен алты ойыншы қатысады. Ұпай Masters турнирінде топ-20 орын алғандарға беріледі.

Следующая →