Катонқарағайдағы спорт кешенінің құрылысы 1 қыркүйекке дейін аяқталуы керек
ШҚО әкімі мердігер компанияға осындай тапсырма берді

Құрылыс жұмыстары бес жыл бұрын басталған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Катонқарағай ауылындағы "QazConstructions" ЖШС салып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс барысын тексерді.
Бүгінгі таңда жұмыстардың 90%-ы аяқталған: спорт және бассейн залдарында, жылу құбырлары төселіп, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, өртке қарсы дабыл беру және бейнебақылау жүйелері орнатылған, ішкі есіктер мен терезе блоктары ауыстырылып, ішкі әрлеу жұмыстары орындалған.
Әлі су айдау стансасына насос орнатылмаған, ғимарат маңы абаттандырылмаған.
2020 жылы басталған ұзақ мерзімді құрылыс – дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын 1 қыркүйекке дейін аяқтау қажет. Сонымен бірге, ФОК маңындағы аумақты абаттандырып, қоқыстан тазартып, ретке келтіру керек, – деді облыс әкімі.