ШҚО-ға қонаққа келгендерге QR-гидтер жолнұсқаушы болады
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдің негізгі туристік нысандарына арналған QR-гидтерді енгізуді тапсырды

Арнайы QR-кодтар әуежайда, қоғамдық көлік нысандарында, қонақүйлерде және Өскемен мен басқа да туристік локацияларда орналастырылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
QR-код бойынша қонақ үйлер, тамақтану орындары, көрікті жерлер, мәдени және табиғи нысандар туралы ақпарат, өзекті бағыттар мен қажетті байланыс нөмірлерін табуға болады.
Сапалы туристік сервисті дамыту өңірге келген қонақтың алғашқы қадамынан – әуежайдан басталуы тиіс. Адам бірден қайда демалуға, тамақтануға, тұруға болатыны немесе қайдан көмек алуға болатыны жайлы ақпаратқа оңай қол жеткізуі керек. Бұл әрбір қонаққа түсінікті әрі ыңғайлы болуы тиіс, – деп атап өтті облыс әкімі.