Өскемен
малооблачно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
518.34
-0.63
607.91
+0.61
¥
72.24
-0.04
6.66
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-ға жыл басынан бері жүз мың турист келген

Оның 95 мыңы – отандық туристер (27%-ға өскен), 5 мыңы – шетелдік туристер

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-ға жыл басынан бері жүз мың турист келген
Фото:
pixabay

Бұл туралы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен өткен туризм саласын дамыту мәселесі бойынша кеңесте айтылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысына 100 мың турист келген. Оның 95 мыңы – отандық туристер (27%-ға өскен), 5 мыңы – шетелдік туристер, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50%-ға артқан, - деп мәлімдеді ШҚО туризм басқармасы. - Бүгінде облыста 371 туристік нысан жұмыс істейді: қонақ үйлер, демалыс базалары, пантотерапия орталықтары, экоқонақүйлер.

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап туристік нысандарды кезең-кезеңімен дайындау жұмыстары жүргізіліп, биылғы маусым өткен жылмен салыстырғанда 10 күнге ерте ашылды.

Биыл алғаш рет туристік нысандарға апаратын жолдар бойында санитарлық-гигиеналық тораптарды орнатыла бастады. Жыл басынан бері "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Бұқтырма көпірінің екі жағында, Үлкен Нарын және Ұлан ауданының Егінсу ауылында төрт санитарлық-гигиеналық торап қойды. Жыл соңына дейін тағы тоғызы орнатылады.

Тағы бір маңызды мәселе – туристік аймақтарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету. Бүгінгі күні өңірдегі елді мекендердің 97%-ы мобильді интернетпен қамтылған. Әрбір туристік нысанды ұялы байланыс және интернетпен қамтамасыз ету үшін базалық станциялар орнатылып, радиокөпірлер ұйымдастырылуда және KazSat пен OneWeb спутниктік технологиялары қолданылуда.

Сонымен қатар, туристерді тарту мақсатында өңірде жыл сайын бірқатар имидждік шаралар өткізіледі. Атап айтқанда, "Шығыс салбұрыны" бүркітшілер фестивалі, "Аяз ата, Ақшақар", "AltaiFest", қысқы "Бұқтырма балықшысы" балықшылар фестивалі, "Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі" шаралары. Биыл бұл тізімді Қазақстан мен жақын шетелден аңшылар қатысатын жаңа "Аңшылық туризм" фестивалі толықтырмақ. Ол 25-27 шілде күндері өтеді.

Қалалар мен аудандардың әкімдері барлық демалыс аймақтарын толық ретке келтіру бойынша шаралар қабылдауы тиіс. Жолаушылар көлігі басқармасы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ филиалымен бірлесіп, туристік бағыттар бойындағы барлық санитарлық-гигиеналық тораптарды ашу және оларды қосымша орнату бойынша қала-аудан әкімдерімен бірлесіп ұсыныстар енгізуі қажет. Сонымен қатар, жол бойындағы барлық сервистік нысандарды тексеріп, олардың айналасындағы санитарлық-гигиеналық жағдайды ретке келтіру қажет, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Следующая →