Өскемен
пасмурно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +26°
  • Ақтөбе
    +33°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +32°
  • Қарағанды
    +25°
  • Көкшетау
    +24°
  • Қостанай
    +26°
  • Қызылорда
    +33°
  • Павлодар
    +25°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +27°
  • Туркестан
    +29°
  • Шымкент
    +30°
$
520.93
+2.59
609.07
+1.16
¥
72.68
+0.44
6.68
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығыс Қазақстан облысы туралы фильм түсірілмек

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов облыс тұрғындарын қабылдады

Усть-Каменогорск и ВКО / Шығыс Қазақстан облысы туралы фильм түсірілмек
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Өскемен қаласы, Тарбағатай және Глубокое аудандары мен Шымкент қаласынан келген азаматтар өз мәселелері мен ұсыныстарын айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мәселен, Шымкент қаласынан келген кәсіпкер Тарбағатай ауданында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасын ұсынды. Облыс әкімі кәсіпкерге толық құжаттар топтамасын дайындауды тапсырды.

Облыс орталығының тұрғыны сол жағалауды абаттандыру мәселесін көтерсе, кәсіпкерлердің бірі "Самал" отбасылық демалыс саябағында кәсіпкерлік мақсаттағы алаңды жалға алу барысында әуреге салған кедергілерге шағымданды.

Бұл жағдайды тексеріп, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуды, абаттандыру, келісімшарттар мәселелерін реттеуді және жалға беру мүмкіндігін қарастыру қажет, - деп тапсырды өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов Өскемен қаласының әкіміне. - Сонымен қатар, "Самал" және Жамбыл атындағы саябақтарды дамыту бойынша сәулеттік тұжырымдама әзірлеуді жүктеймін.

Белокаменка ауылының тұрғыны ауылдық инфрақұрылымның жай-күйі мен жерді заңсыз пайдалану мәселесін көтерді. Облыс әкімі бұл мәселелер бойынша тиісті бақылаушы органдарға материалдар жолдауды тапсырды.

Өңір басшысының қабыладуына келген Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Анатолий Лаптев Олжас Сүлейменовпен бірлесіп дайындалған "Алтай жолы" деректі фильмінің жобасын ұсынып, "Достық өзені – Ертіс" фильмі туралы идеясымен бөлісті.

Бұл фильмдер өңіріміз туралы болғандықтан мәдениет, ішкі саясат және туризм басқармалары оларды қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруы қажет. Мұндай мәдени туындылар туризмнің дамуына да, облыстың оң имиджіне де зор үлес қосуы мүмкін, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Азаматтарды жеке қабылдау барысында белгілі болғандай, өңірде тек идея ұсынып қана қоймай, өз қаржысын салуға, жұмыс орындарын ашуға және әлеуметтік жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын бизнес бастамалар аз емес. Алайда қажетті қолдаудың орнына кәсіпкерлер мерзімді созу, формалды жауаптар мен нақты шешімдердің жоқтығынан зардап шегуде.

Следующая →