Алтай ауданындағы демалыс аймақтарында заңсыз кәсіппен айналысқандар анықталды
Бұқтырма су қоймасының жағалауында 143 демалыс орны бар

Маусым айынан бастап құзырлы орган 19 рет тексеру жүргізген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұқтырма су қоймасының жағалауында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет басқармасы органдарында тіркелген бұйрықтар негізінде рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу фактілерінің алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралары жүргізілуде, - деді Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев. - Рейд барысында рұқсатсыз, яғни лицензиясыз алкогольдік өнімдерді сатудың 3 фактісінің жолы кесілді. Тәркіленген алкогольдік өнімдер саны 340 бөтелкеден астам, заңсыз темекі қораптары 4170 дана жалпы сомасы 0,5 млн теңгені құрады. POS-терминалдардың болмауының 12 фактісі, бақылау-кассалық аппараттарының болмауының 7 фактісі, тіркеусіз қызметті жүзеге асырудың 1 жағдайы анықталды. Ббарлық салық төлеушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аудан әкімі жергілікті атқарушы органдар бау-бақша серіктестіктерін аралап, үй иелеріне жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, үйді жалға беруге болмайтыны түсіндірілетінін айтады.
Біз тұрғындарды табысты жасырмауға, әрбір клиентке фискалдық түбіртек беруге, кассалық аппараттар мен POS терминалдарды пайдалануға, қандай да бір қызмет үшін рұқсат құжаттарын алуға, қызметкерлерді және бизнесті ресми тіркеуге шақырамыз, - дейді Ренат Құрмамбаев. - "Көлеңкелі бизнес" аудан бюджетіне ғана емес, іскерлік беделіңізге де нұқсан келтіреді.
Заң бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынады және қызметі тоқтатылатынын ескерген жөн.