Өскемен
малооблачно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
518.34
-0.63
607.91
+0.61
¥
72.24
-0.04
6.66
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Елге танымал көкпаршы жігіт Өскеменге әскери борышын өтеуге келді

Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты №5518 әскери бөлімі Абай, Павлодар, Түркістан облыстарынан және Астана қаласынан келген жас сарбаздармен толықты

Усть-Каменогорск и ВКО / Елге танымал көкпаршы жігіт Өскеменге әскери борышын өтеуге келді
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметін

Өскемен қаласындағы әскери бөлімге Оңтүстік Қазақстан облысынан шақыртылған мерзімді әскери қызметшілер қатарында көкпаршы Ернұр Дәуітбай да бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жастайынан әккі көкпаршы әкесінің ізін басып өскен жас сарбаз бүгінде талай көкпардың көзайымына айналған. Ол 2022 жылы Қазығұрт ауданы құрамында өнер көрсетсе, өткен жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының көкпар федерациясының құрамына кірген.

Көкпар да футбол ойыны сияқты. Мұнда да шабандоздар шабуылшы, қорғаушы болып бөлінеді. Мен қорғаныс ойыншысы болдым. Серкені тақымыңда берік ұстап, қарсыластың тосқауылын бұза жарып, қазандыққа салым тастаудан ерекше әсер аласың. Менің "077" және "Президент" деген жылқыларым айлалы, қайратты, әрдайым артқан сенімді ақтайды, - дейді қатардағы жауынгер Ернұр Дәуітбай.

Атқұмар Ернұр үшін әскерге келген алғашқы уақытта жылқы жануарынан жырақта жүру қиынға соғыпты. Алайда Отан алдындағы борышын өткеруді парызым деп санайтын көкпаршы құқықтық тәртіп әскерінде жауынгерлік қызметін жоғары дәрежеде атқаруға бек кіріскен. Қатардағы жауынгер бір жыл көлемінде Ұлттық ұлан сапында Өскемен қаласының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.

Айта кетейік, Ернұр көкпар ойынынан бөлек теңге алу спортынан жоғары нәтижелер көрсетіпті. Мәселен, наурыз айында Шымкент қаласында өткен облыстық сайыста жүлделі екінші орынға ие болыпты. Қатардағы жауынгер мерзімді әскери қызметін өткергеннен кейін жылқы шаруашылығымен айналысуды қолға алмақ.

Следующая →