Өскемен
ясно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +29°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +28°
  • Актау
    +26°
  • Орал
    +28°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +24°
  • Қызылорда
    +33°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +31°
  • Туркестан
    +23°
  • Шымкент
    +34°
$
519.58
+0.07
609.36
-2.47
¥
72.43
-0.11
6.63
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменнен Өзбекстанға туристік пойыз жүруі мүмкін

Өскеменге Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы елшісі Бахтиер Ибрагимов келіп, Өзбекстанның туристік әлеуетін таныстыру шарасына қатысты

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменнен Өзбекстанға туристік пойыз жүруі мүмкін
Фото:
pexels

Жиында екі ел арасында жаңа туристік бағыттар мен көлік қатынастарын дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бахтиер Ибрагимов "Jibek Joly" туристік пойызының бағыты кеңеюі мүмкін екенін мәлімдеді. Қазір бұл пойыз Алматыны Түркістан, Отырар, Самарқанд, Бұхара және Ташкентпен байланыстыруда.

Дипломаттың айтуынша, осы бағытқа Өскеменді де қосу мәселесі қарастырылуда. Ол осыдан 30 жыл бұрын Шығыс Қазақстан облысының қалаларын Орталық Азияның тарихи орталықтарымен байланыстыратын осындай бағыттың болғанын еске салды.

Былтыр біздің елден көршілер "өз ағайынымыздың" еліне 2,5 млн турист барған.

Осы орайда айта кеткен жөн, 19 қыркүйекте "Жолаушылар тасымалы" АҚ ұйымдастырған "Jibek Joly 5.0" туристік пойызының жаңа маусымы басталады. 6 күнге созылатын сапар барысында жолаушылар Алматы – Түркістан – Отырар – Самарқанд – Бұхара – Ташкент – Алматы бағытымен жүріп өтіп, Ұлы Жібек жолының бойындағы тарихи және мәдени орындармен танысады.

Следующая →