Өскемен
Бұлтты
  • Өскемен
  • Семей
  • Алматы
    -1°
  • Риддер
    -3°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -21°
  • Ақтау
    -3°
  • Атырау
    -12°
  • Қарағанды
    -10°
  • Көкшетау
    -17°
  • Қостанай
    -23°
  • Қызылорда
    -8°
  • Павлодар
    -7°
  • Петропавловск
    -22°
  • Тараз
    -1°
  • Түркістан
  • Орал
    -22°
  • Шымкент
    -1°
$
494.63
-0.47
583.22
-0.50
¥
71.28
-0.05
6.42
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстандық жас физиктер халықаралық олимпиадада абсолютті чемпион атанды

Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында Халықаралық ғылыми физика олимпиадасы (ISPhO-2025) өз мәресіне жетті

Новости Казахстана / Қазақстандық жас физиктер халықаралық олимпиадада абсолютті чемпион атанды
Фото:
t.me/oqu_agartu

Білім сайысында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алып, әлемдік көшбасшылар қатарына енді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Әлемнің 21 елінен келген қатысушылар арасында 5 жас қазақстандық елге он марапатпен оралды. Олимпиада екі негізгі кезеңнен тұрды: теориялық және эксперименттік кезеңдер. Әр қатысушы жеке есепте екі бағыт бойынша бағаланды, - деп мәлімдеді ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Күміс медаль иегерлері:

  • Роман Черемнов – Алматы қаласы "Мирас" мектебінің 11-сынып оқушысы;
  • Таир Әбдіқадыр – Қостанай облыстық "Білім-инновация" лицейінің 10-сынып оқушысы;
  • Альтаир Аканов – Астана қаласындағы РФММ-нің 11-сынып оқушысы;
  • Илияс Қазымбек – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы.

Сондай-ақ қола медаль иегері - Астана қаласы "NURORDA" мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Даниэль Тюлюбаев.

Теориялық айналым нәтижелері бойынша:

  • 1-дәрежелі диплом - Роман Черемнов, Илияс Қазымбек;
  • 2-дәрежелі диплом - Даниэль Тюлюбаев, Таир Әбдіқадыр, Альтаир Аканов.

Жетекшілері: Самат Максутов — PhD докторы, CDU доценті, Назарали Айтжанов — CDU магистрі.

Следующая →