ШҚО-дағы мемлекеттік қызметшілерге басқару ісінде ЖИ-ді қолдануды үйретті
Oskemen Hub базасында мемлекеттік қызметшілерге арналған мастер-класс ұйымдастырылды

Мемлекеттік басқаруды цифрландыру — қазіргі мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Технологиялар қарқынды дамып жатқан қазіргі заманда жасанды интеллектің (ЖИ) және заманауи цифрлық шешімдердің мемлекеттік органдардың тиімді әрі ашық жұмыс істеуіндегі рөлін түсіну ерекше маңызға ие болып отыр.
Oskemen Hub базасында осы өзекті тақырыпқа арналған мастер-класс өтті. Оған ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалы ұйымдастырған арнайы қайта даярлау курсы аясында оқып жатқан мемлекеттік қызметшілер қатысты. Мемлекеттік қызметшілерді басқару тәжірибесінде жасанды интеллект пен зияткерлік жүйелерді қолдану мүмкіндіктері таныстырылып, мемлекеттік қызметшілердің цифрлық сауаттылығы арттырылып, аймақтарда инновацияларды енгізуге ынталандырылды.