Өскемендегі арбатта "Домбыра LIVE" кеші ұйымдастырылады
Осы жексенбі күні домбыраның үнін сүйетін, домбыра шерте алатын өскемендіктер арбатта жиналады

6 шілде күні сағат 17.00-де Арбатта ұлттық рухты серпілтетін "Домбыра LIVE" музыкалық кеші өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл - тек шебер орындаушыларға ғана емес, домбыраны сүйетін әр адамға арналған ашық алаң. Тіпті домбыра шерте алмайтындар да келіп рухани шабыт алуына болады, - дейді жергілікті әкімдік өкілдері. - Барлықтарыңызды шақырамыз. Ұлттық өнерді бірге дәріптейік!