Ұлттық ұланда жазғы оқу кезеңі басталды
Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде жазғы оқу кезеңі басталды

Жаңа маусымға аяқ баспас бұрын ұландықтар өткен жылға қысқаша шолу жасап, сондай-ақ биылға арналған жүйелі жоспарларын ортаға салды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Шара барысында қолбасшылық басқармасының офицерлері мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарын өткізді. Әскери қызметшілерге алғашқы сабақты "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары полковник Виктор Мухатаев жүргізді.
Сап түзеген ұландықтар қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ әскери мүліктерді дұрыс қолдану, кез келген міндеттерді атқару кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау бойынша тәжірибелік сабақтарға тарасты. Жаңа оқу жылында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жауынгерлер алдында атқарылар бірқатар жауапты міндеттер тұр, - деп мәлімдеді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.