Өскемен
малооблачно
+23°
  • Өскемен
    +23°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +28°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +28°
$
520.39
609.58
¥
72.57
6.63
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да велоспорттан Ұлттық чемпионат аяқталды

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов велоспорттан ҚР Ұлттық чемпионаты жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да велоспорттан Ұлттық чемпионат аяқталды
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бұл ауқымды спорттық додаға елдің барлық өңірінен келген 187 үздік велошабандоз қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Спорттық апта аясында велоспорттан Ұлттық чемпионаты, VI Жастар спорттық ойындары; паралимпиадашылар арасындағы VII Жазғы спартакиада; Masters санатындағы ардагерлер арасындағы ҚР чемпионаты ұйымдастырылды.

Велоспорт – бұл тек төзімділік пен жылдамдық қана емес, бұл – денсаулық мәдениеті, тәртіп пен салауатты өмір салты. Мұндай жарыстардың өткізілуі бұқаралық және кәсіби велоспорттың дамуына үлкен серпін береді. Шығыс Қазақстан облысында велоспортты дамытуға үлкен көңіл бөлінеді, спортшыларды даярлау, жаттығу өткізу және жарыстар ұйымдастыру үшін тиісті жағдайлар жасалуда. Бізде велоқозғалысты насихаттау мақсатында спорт федерациялары және ұйымдармен ынтымақтастыққа жол ашық. Біз велоспортпен айналысу үшін қолжетімді әрі сапалы инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытып келеміз, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Облыс әкімі чемпионат ұйымдастырушыларына, төрешілерге, еріктілерге және спортшыларға алғысын білдірді.

Следующая →