Өскемендік әскери қызметші Ұлттық ұлан чемпионы атанды
Петропавл қаласында халықаралық дәрежедегі спорт шебері, капитан Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналған қоян-қолтық ұрыстан турнир өтті

Ұлттық ұлан арасында өткен бәсекеде "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері биік тұғырдан көрінді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Әсірісе Өскемен қаласындағы №3477 әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Курбанжан Гуламдунов 80 келі салмақ дәрежесінде 1-орынға ие болды.
Сайысқа қатысқан 60-қа жуық ұландық жеті салмақ дәрежесінде бақ сынады. Мен дәстүрлі түрде өтетін жарысқа алғаш рет қатысудамын. Қарсыластарым осал емес. Алайда жеңістің байрағын көтеру маған бұйырды. Жалпы бұл жыл мен үшін жемісті өтуде. Өйткені екі ай бұрын қоян-қолтық ұрыстан өткен ел чемпионатында жүлделі 3-орынға ие болдым. Әлі алда мені талай сын-сайыстар күтіп тұр. Осы орайда маған қолдау танытқан "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына айтар алғысым шексіз, - дейді кіші сержант Курбанжан Гуламдунов.
Курбанжан қоян-қолтық ұрыс түрінен спорт шеберіне үміткер. Ол төртінші жыл қатарынан әскери бөлім намысын түрлі сайыстарда абыроймен қорғап келеді. Ұлттық ұлан арасында жеңімпаз атанған әскери қызметші енді ішкі істер министрлігіне қарасты құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдар арасында өтетін сайыста бақ сынамақ.