ШҚО-да ертең бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін
Облыстың басым бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін, найзағай ойнайды

"Қазгидромет" ШҚО филиалы 27 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды.
Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.