Өскеменде қаржылық сауаттылық мәселесіне арналған форум өтті
Қаржылық мониторинг агенттігі Мемлекет басшысының "Заң мен тәртіп" тапсырмалары аясында қаржылық операциялардың ашықтығын қамтамасыз ету мен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылға айрықша назар аударады

Осы орайда ШҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті С. Аманжолов атындағы ШҚУ базасында "XXI ғасырдың қаржылық триггерлері" тақырыбында форум ұйымдастырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Форум қаржы пирамидаларына, интернет-алаяқтыққа, дропперлікке қарсы іс-қимыл және интернет-гигиена мәселелеріне арналды. Мақсаты - халықтың қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру, қаржылық қауіпсіздіктің заманауи трендтері туралы түсінік қалыптастыру болды. Жиын интерактивті түрде өтті, яғни қатысушылар QR-код арқылы анонимді түрде сұрақтарын қойып, оған департамент қызметкерлері жауап берді.
Еліміздегі басым бағыттардың бірі – қаржылық қылмыстармен күрес. Цифрлық технологиялар дамыған заманда алаяқтықтың жаңа түрлері күн санап көбеюде, ал қарапайым халық олардың құрбанына айналуда. Осыған байланысты құқық қорғау органдары мен қаржы саласының мамандары түрлі қауіп-қатерлер мен тәуекелдер жайында ақпараттандыру үшін аянбай еңбек етуде. Бүгінгі форум да осы мақсатта ұйымдастырылып отыр. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен полиция департаменті қызметкерлері және басқа да сарапшылар бірігіп, қаржылық қауіпсіздік бойынша практикалық жұмыс атқаруда, – деп атап өтті ШҚО бойынша ЭТД басшылығы.