ШҚО-да халық көп шоғырланатын орындарда заң қызметкерлері отырады
Шығыс Қазақстан облысында "Заң және Тәртіп апталығы" акциясы басталды

Прокуратура, полиция, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкерлерінен құралған топ халыққа құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес береді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Акцияның алғашқы күні мобильдік топтар 200-ден астам азаматты қабылданды. Оларға құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, азаматтарға алаяқтықтың кең таралған тәсілдері, есірткі саудасына ілігіп кетпеу және құрбаны болмау, балалардың құқықтарының бұзылу фактілері бойынша қайда және қалай жүгінуге болатыны туралы ақпарат жазылған жадынамалар таратылды.
Қоғамдық қабылдаулар алдағы апта бойы өз жұмысын жалғастырады. Өскемен қаласында – облыс орталығының шалғай аудандарына, ал өңір аудандарында – ауылдық округтерге шығу жоспарлануда.