Прокуратура инвесторлардың мүддесін қорғап, мәселесін шешуді баса назарға алған
2023 жылдың сәуірінен бастап прокурорлар 800 проблемалық мәселелерді сәтті шешіп, 1350 инвесторға көмектесті

Олардың арасында Франция, Түркия, Қытай, Сингапур сынды елдерден тартылған шетелдік инвесторлар бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Олардың инвестиция көлемі 10 трлн теңгеден асады.
Бүгінде прокурорлардың назарында 64 трлн теңгеге маңызды 1130 жоба бар.
Инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың негізгі шешімдері бойынша "прокурорлық сүзгі" енгізілді. Бұл мемлекеттік органның прокурордың келісімінсіз инвесторды тексеруге, әкімшілік жауапкершілікке тартуға, талап-арыздар енгізуге, оның қызметін тоқтата тұруға, лицензияны қайтарып алуға, келісімшартты бұзуға және өзге де шектеулер қоюға құқығы жоқ дегенді білдіреді, - деп мәлімдеді ҚР Бас прокуратурасы. - Осы жерде прокурордың келісімі кезінде "заңның әрпі" ғана емес, сонымен қатар ақылға қонымды көзқарас пен парасаттылықтың маңыздылығы да ескерілетіні өте маңызды. "Прокурорлық сүзгі" лауазымды тұлғалардың шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етті және Мемлекет басшысымен Парламент депутаттарының қолдауымен ағымдағы жылы заңдарда бекітілген.
Прокурорлар қазірдің өзінде 880-нен астам шешімді келісуден бас тартты, 360 заңсыз тексеруді, инвесторларға қатысты 330 әкімшілік іс жүргізуді және 200-ге жуық тыйым салу-шектеу шараларын тоқтатты.
Инвесторлардың құқықтарын бұзғаны үшін 225 лауазымды тұлға жазаланды.