Өскемендегі трамвай паркінің басшысы ауысты
Өскемен қалалық трамвай паркінің директоры болып Денис Федченко тағайындалды

Ал парктің бұрынғы директоры Михаил Чайка кәсіпорында бас инженер болып жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Денис Викторович 1981 жылы 6 шілдеде Өскемен қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Шығыс гуманитарлық институтын "Экономика және менеджмент" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолында ол мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда түрлі қызметтер мен басшылық лауазымдарды атқарды. 2023 жылдан бері Өскемен қаласы әкімдігі жанындағы "Аумақтық басқару орталығы" КММ басшысы болған.